Мектеп туралы

ПАСПОРТ, МЕКТЕП ТАРИХЫ

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім  бөлімінің Чернышевский жалпы білім беретін мектебі»  КММ

Чернышевский жалпы білім беретін мектебінде сәуір айында Біртұтас тәрбие бағдарламасының «Қамқор» жобасы аясында бірқатар тәрбиелік бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған шаралардың мақсаты – оқушылардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, туған өлкеге деген қызығушылығын ояту және кәсіби бағдар беру.

  1. Халықаралық құстар күніне арналған іс-шаралар:

Мектеп оқушыларына табиғаттағы құстардың маңызы туралы тәрбие сағаты өткізіліп, құстарды қорғау бойынша экологиялық танымдық ақпарат берілді. Сонымен қатар, балалар құстарға арналған ұя жасап, оларды мектеп ауласына орналастырды.

  1. Жалпымектептік сенбілік ұйымдастырылды:

Мектеп аумағын тазарту, көгалдандыру, ағаш егу жұмыстары жүргізілді. Оқушылар белсенділік танытып, тазалық сақтау мәдениетін бойларына сіңірді.

  1. Өлкетану мұражайына экспедиция:

Оқушылар жергілікті өлкетану мұражайына барып, туған өлкенің тарихы мен мәдени құндылықтарымен танысты. Бұл танымдық іс-шара олардың елге деген сүйіспеншілігін арттыра түсті.

  1. «Жұмысшы жылы» аясында түлектермен кездесу және мамандық таңдау бойынша экскурсия:

Жоғары сынып оқушыларына арнап әртүрлі салаларда жұмыс істейтін мектеп түлектерімен кездесу ұйымдастырылып, кәсіби бағдар беру мақсатында өндірістік орындарға экскурсия өткізілді. Бұл шара оқушыларға мамандық таңдауда бағыт-бағдар беріп, еңбекке құрметпен қарауға тәрбиеледі.

Аталған іс-шаралар оқушылардың жан-жақты дамуына, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауына және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға ықпал етті.