Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Протоколы

Чернышевский жалпы білім беретін мектебіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары туралы ақпарат

Чернышевский ЖББМ-де сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында жүйелі түрде іс-шаралар өткізіліп келеді. Ай сайын мектептің өзін-өзі басқару оқушыларымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында дөңгелек үстелдер, түсіндіру жұмыстары, эссе жазу және сурет салу конкурстары ұйымдастырылады.

Іс-шаралардың мақсаты:

Оқушылардың бойында жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру;

Жемқорлық әрекеттердің қоғамға тигізетін кері әсерін ұғындыру;

«Бір пара — екі қылмыскер» қағидасын терең түсіндіру арқылы адалдық пен әділдікке тәрбиелеу.

Сонымен қатар, мектепте ата-аналармен де бірлескен жұмыстар жүйелі түрде жүргізіледі. Атап айтқанда, «Сыбайлас жемқорлық» тақырыбында ата-аналар жиналыстары өткізіліп, жиналыс барысында ата-аналар өз ой-пікірлерін ашық айтып, белсенділік танытып отырады. Сонымен қатар, мұғалімдермен кездесулер де ұйымдастырылып, бұл мәселенің білім беру ұйымындағы маңыздылығы мен өзектілігі талқыланады.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, мектеп ұжымының, ата-аналар мен оқушылардың ортақ жауапкершілігімен жүзеге асырыла береді.