Мектепте қосымша білім беру педагогтарының жұмысын ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлар жасалған. Атап айтқанда: спорт залы, компьютерлік сынып, спорт алаңы және интернет желісі бар. Үйірмелер мен спорттық секциялардың жетекші мұғалімі барлық білім алушылардың шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға ұмтылады.
Қосымша білім беру аясында мектепте келесі спорттық секциялар жұмыс істейді:
«Футбол» секциясы – 12 оқушы,
«Волейбол» секциясы – 34 оқушы,
«Тоғызқұмалақ» секциясы – 11 оқушы.
2024–2025 оқу жылында барлығы 3 спорттық секция жұмыс істейді. Барлық секциялар белгіленген кесте бойынша тұрақты түрде жұмыс атқарады. Секция жетекшісі ретінде дене шынықтыру пәнінің жоғары білімді мұғалімдері бекітілген. Олар балалармен жұмыс істеуге арналған мектепте бекітілген бағдарламалар негізінде қызмет атқарады.
Спорт секцияларында оқушылардың мүмкіндіктерін іске асыру және бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін қолайлы орта қалыптасқан. Жұмыс тұрақты түрде, жүйелі жүргізілуде.
Аталған секцияның оқушылары аудандық деңгейдегі жарыстарға тұрақты түрде қатысып, жүлделі орындарға иеленіп келеді.